«Елді мекен және тұрақты мұра-қалалар» халықаралық конференциясы

2023 жылғы 9-13 қазанда ҚР МАМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сәуле Бөкейханқызы Бурбаева Әзірбайжан Республикасы Баку қаласында «Елді мекен және тұрақты мұра-қалалар» халықаралық конференциясының жұмысына қатысуда. Іс-шараны «Ичеришехер» мемлекеттік тарихи-архитектуралық қорығының басқармасы және түркі мемлекеттерінің ұйымы ұйымдастыруда.

Халықаралық конференцияда тарихи қалаларды басқару, археология ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ тұрақты туризм, тарихи қалалар мен қорықтардағы цифрлық трансформация, музей жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша пікірталастар жүргізілуде.

Түркі халықтары музей-қорықтарының Дүниежүзілік Ұйымы құрылды. Отырыс екі жылда бір рет Ұйымға қатысушы елдерде өтеді. Қазақстан Республикасынан «Бозоқ» және «Есік» музей-қорықтары кірді.

Келесі отырыс Қазақстанда өтеді.

Конференцияда тарих және мәдениет нысандарының фотокөрмесі ұсынылды. Бозоктың суреттері қызығушылық тудырды. Автор: Бекен Жапаров.

Конференцияның барлық қатысушыларына шығармашылық табыс тілейміз!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан «О недрах и недропользовании» по вопросам совершенствования недропользования в сфере углеводородов и урана»Текст Закона публикуется в печати.

Подробнее »

Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозок» Министерства культуры и информации Республики Казахстан подводит итоги республиканского дистанционного конкурса, приуроченного ко Дню Республики, среди обучающихся организаций общего среднего, технического и профессионального образования 2025 года на тему: «Елорда тарихындағы Ежелгі Бозоқ қалашығы»

Подробнее »