2023 жылғы 25 қыркүйекте ҚР МАМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Астана қаласының №41 орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.

№41 орта мектеп базасында этнопедагогика бойынша қалалық эксперименттік алаң ұйымдастырылған.

Этнопедагогика-бұл жас ұрпаққа өз халқының тарихи тәжірибесі мен дәстүрлі құндылықтарын сіңіретін педагогика ғылымындағы бағыт. Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқы балаларды тәрбиелеуде өзінің эмпирикалық тәжірибесін қалыптастырды, жастарды оқыту мен тәрбиелеуге өзінің бірегей талаптарын тұжырымдады.

Этнопедагогика этнография, фольклортану, археология, этнопсихология, тарих, мәдениеттану, этика, философия және басқа ғылымдарды зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде этнопедагогиканың рөлі артты. Мектеп директоры Сыздықова Әсия Нұғыманқызы және директордың орынбасары Бақтыбаева Нұржамал Серікқызы этнопедагогика бойынша эксперименттік алаңның ғылыми тұжырымдамасын таныстырды.

Рахимов Ернұр Кендібайұлы, PhD этнопедагогиканы зерделеудің және білім беру процесіне тәрбие әдістерін енгізудің өзектілігі туралы айтып берді.

Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы, "Бозоқ" музей-қорығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты этнопедагогикалық зерттеудің әдіснамалық аспектілері туралы айтып берді.

Күлжанова Бақытгүл Темірбайқызы бағдарламаны іске асыру туралы өз көзқарасымен бөлісті. Эксперименттік алаң шеңберінде білім беру ұйымдарының педагогтері үшін балалардың психологиялық-педагогикалық, жас ерекшеліктерін ескере отырып әдістемелік ұсынымдар мен бағдарламалар әзірлеу, педагогика, психология және этнография саласындағы жетекші мамандар мен педагогтардың қатысуымен практикалық бағыттағы республикалық ғылыми-практикалық семинарлар өткізу жоспарлануда.

Этнопедагогика балаларға шығармашылық және танымдық белсенділікті, жеке қасиеттер мен қабілеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

Подробнее »

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Подробнее »