2021 жылғы 9 сәуірде «Бозоқ» музей-қорығы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының Хабдулина М.К., Тлеуғабылов Д.Т., Дукомбайев А.Т., Кошман Т.В., Букешева Г.К., Сапарова К.С., Ғайса А.М., Бонора Ж.Л. ұжымдық монографиясы «Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.

Баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және көпшілікке тарату мақсатында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен, ғалымдарымен, археологтарымен белсенді ынтымақтастық жасайды. 2021 жылғы 9 сәуірде «Бозоқ» музей-қорығы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының Хабдулина М.К., Тлеуғабылов Д.Т., Дукомбайев А.Т., Кошман Т.В., Букешева Г.К., Сапарова К.С., Ғайса А.М., Бонора Ж.Л. ұжымдық монографиясы «Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.

Монография қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ұжымдық еңбегі болып табылады. Монографияда Солтүстік Сарыарқаның екі жергілікті аймағын: Ақмоланың Есілі мен Теңіз-Қорғалжын оазисін зерттеу мысалында ландшафтты сакралдау шарттары мен механизміне сипаттама ұсынылады, ежелгі және ортағасырлық дәуірлердің тарихи-мәдени, этностық, интеграциялық процестеріндегі ғибадат мемориалдарының рөлі көрсетілген. Қасиетті ландшафт-діни нысандар түрінде із қалдырған адамдар ұрпақтарының рухани іс-әрекетімен өзгерген геомәдени кеңістік. Қасиетті ландшафтың материалдық көрсеткіші болып үйінділер түріндеге археология ескерткіштер, ежелгі қалалардың, құлшылық етуге арналған храмдардың қирандылары, тасқа салынған суреттер табылады.

Сарыарқа - аумағы жағынан үлкен, әртүрлі ландшафттар кешенінен тұратын табиғи-географиялық құрлық. Сарыарқаның дала белдеуі ерекше түрлілігімен ерекшеленеді және меридиандық сипаттағы мәдени байланыстарға бейім. Сарыарқа ерекше киелі локус ретінде ұсынылған, оның мәдени ландшафты алдыңғы ұрпақтардың мыңжылдық қызметімен қалыптасқан. Әрбір тарихи-мәдени дәуір осы кеңістікте өзінің діни киелі орталықтарын қалдырған.

Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам өкілдері қатысады. Қатысушылар саны: 20 адам.

Сарыарка представлена как особый сакральный локус, культурный ландшафт которого сформирован тысячелетней деятельностью предшествующих поколений. Каждая историко-культурная эпоха оставила на этом пространстве свои культовые сакральные центры.В презентации книги примут участие представители Министерства культуры и спорта РК, известные ученые, археологи и этнологи, преподаватели высших учебных заведений, представители общественности. Количество участников: 20 человек.

Тұсаукесерді өткізу залында пандемия жағдайында барлық қауіпсіздік шаралары сақталады, сондай-ақ ZOOM интернет-платформасы арқылы іс-шараға онлайн-қатысу мүмкіндігі беріледі. Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54

Басталуы: сағат 10.00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 21 сәуірде ҚР МАМ МК “БОЗОҚ” мемлекеттік музей қорығында BINOM.ALTYNSARIN мектебінің 9-сынып оқушылары көне Бозоқ қалашығының тарихына арналған ғылыми жобалары аясында “БОЗОҚ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері АЙНАГҮЛ САБИТОВНАМЕН сұхбат жүргізді.

Подробнее »

2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесінде «БОЗОҚ – БІЛІМ АУМАҒЫ» мәдени-ағартушылық платформасы аясында кезекті танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл жолы елордалық №91 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 6-сынып оқушылары музейдің құрметті қонақтары болды.

Подробнее »