2021 жылғы 9 сәуірде «Бозоқ» музей-қорығы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының Хабдулина М.К., Тлеуғабылов Д.Т., Дукомбайев А.Т., Кошман Т.В., Букешева Г.К., Сапарова К.С., Ғайса А.М., Бонора Ж.Л. ұжымдық монографиясы «Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.