Дәріскер-Кореядан Jоung Hoitae Халықаралық интеллектті дамыту білім беру орталығының (IMEI) профессоры.
Орталық дұрыс пайымдау мен ойлау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жолдарын үйретеді, сондай-ақ қоғамның проблемаларын шеше алатын жеке тұлға мен мамандарды тәрбиелеуді мақсат етеді.
Joung Hoitae өмірден және шағын бейнефильмнен әртүрлі мысалдар келтіре отырып, қиын жағдайларда адамға көмектесетін өзін-өзі бақылау дағдыларын қалай дамыту керектігін айтты.
Дәрісті ұйымдастырған ҚР МАМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Мәдениеттерді жақындастыру орталығына алғысымызды білдіреміз.