Іс-шараға " Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ-нің директоры Аблаев Талғат Алдакуатович пен Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің жетекшісі Естемесов Ернар қатысты.
Кездесу барысында музей-қорықтың бөлім жетекшісі Қазанбаев Жанболат «Бозоқ» археологиялық кешенінің макетімен таныстырып, ескерткіштің тарихи маңызы, ғылыми құндылығы және оны сақтау мен зерделеу бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, Архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан музей қоры үшін ғылыми маңызы жоғары басылымдар — «Ұйғыр ауданының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы» және «Могильники Тогызбулак–1, 2» атты кітаптар сыйға табысталды. Аталған еңбектер музей қорының ғылыми-танымдық әлеуетін арттырып, болашақ зерттеу және экспозициялық жұмыстарда кеңінен пайдаланылатын болады. Аталған меморандум тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау, ғылыми зерттеу және насихаттау саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен кәсіби тәжірибе алмасуды дамытуға бағытталған.






