Бозоқ музей-қорығында танымдық экскурсия

2025 жылдың 12 желтоқсаныңда «Бибігүл Төлегенова атындағы Креативті мектептің» 4-сынып оқушылары «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келді. Экскурсия барысында музей-қорықтың қызметкері Рысбереген Мұса балаларға археология ғылымының маңызы мен негізгі әдістері туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.

Оқушылар Астана аумағында орналасқан көне археологиялық ескерткіштер туралы біліп, сондай-ақ «Бозоқ» музей-қорығының қорында сақталған бірегей жәдігерлермен танысты. Балалар үшін ежелгі қоныстар, қазба жұмыстары және тарихи мұраның сақталуы туралы танымдық әрі әсерлі әңгіме ұсынылды.

Кіші жасөспірімдерге арналған бұл экскурсия олардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырып, мәдени-тарихи мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозок» Министерства культуры и информации Республики Казахстан подводит итоги республиканского дистанционного конкурса, приуроченного ко Дню Республики, среди обучающихся организаций общего среднего, технического и профессионального образования 2025 года на тему: «Елорда тарихындағы Ежелгі Бозоқ қалашығы»

Подробнее »

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »