Осы мереке күндері «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми кітапханасы жаңа кітаптармен толықты. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Музейге сый» акциясы аясында «Бозоқ» музей-қорығына 700-ден астам кітап тапсырды.

Жақын арада «Бозоқ» музей-қорығының Визит-орталығында заманауи оқу залымен жабдықталған ғылыми кітапхана болады. Зерттеушілердің кең аудиториясы және тарихқа қызығушылық танытқандар үшін оларға қол жетімді болады. Бүгіннің өзінде музей қызметкерлері кітапхана қорын қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Біз Ұлттық академиялық кітапхананың қорларды құру қызметінің басшысы Жанна Тәуекеловаға және «Алмасу-резервтік қоры» секторының басшысы Айнагүл Саринаға біздің жобамызды қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin