ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп, 2021 жылдың 18 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу мен репрезентациялау тәжірибесі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Конференция барысында Ермолаева А., Ержанова А., Дубягин Е., Анкушева М., Артемьева Д., Блинова И., Кузьминых С., Калиева Ж. «Талдысай – поселение древних металлургов позднебронзового века в Улытауской степи» ұжымдық монографиясын талқылау жоспарланған. Ғылыми еңбек Қазақстан тау-кен металлургия облысының Жезқазған-Ұлытау тау-кен металлургия орталығында орналасқан Талдысай қонысындағы металл өндірісінің толық циклі бар өндірістік-тұрғын үй кешендерінің кешенді зерттеу нәтижелерін ұсынады.

Қоныстағы шеберханалар б.з.д. II мыңжылдықта бүкіл Еуразия дәуірінде жұмыс істеді. Талдысайдағы металлургия мен металл өңдеуді зерттеу, балқыту және құю технологиясының пайда болуы мен дәстүрлері туралы мәселелені қарастыруға мүмкіндік берді.

Бұл кітап бұрынғы жарияланымдардың жалғасы болып табылады. Ол соңғы жылдардағы зерттеулерді қорытындылайды. Онда ескерткіштің аумағын игерудің бастапқы кезеңінде халықтың тіршілігін көрсететін қоныстың төменгі қабатының объектілері мен материалдары ұсынылған.

Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының өкілдері, белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам өкілдері қатысады.

Конференция өткізу залында пандемия жағдайында барлық қауіпсіздік шаралары сақталады, сондай-ақ іс-шараға ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн-қатысу мүмкіндігі ұсынылады.

Идентификатор конференции: 885 6071 9102 Қол жеткізу коды: 393952

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кітапханасы, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54. Басталуы: сағат 10.00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: + 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin