ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мужей-қорығы, «Нұра-Есіл өзендері аралығының мәдени генезисін қалыптастырудағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2021 жылдың 25 тамызында ҚР МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Арғынбекұлы Арғынбековтың қатысуымен, кейнгі ортағасырлық және жаңа дәуір ескерткіштерін археологиялық зерттеуге бағытталған Бозоқ археологиялық ескерткіші аумағындағы дала жұмыстарының аралық қорытындысын жасады.

Мақсат Арғынбекұлы музей-қорық қызметкерлері мен дала жұмыстарына қатысушыларға арнаған сөзінде болашақ ұрпақ үшін еліміздің тарихи-мәдени мұрасының тарихы мен сақталуын зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, қазба жұмыстарына қатысқан еріктілерге алғыс хаттар табыс етті. «Бозоқ» музей-қорығының директоры Сәуле Бөкейханқызы Бурбаева үш ғылыми жобаның жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді. «Бозоқ» музей-қорығының ғылыми хатшысы Айнагүл Сәбитқызы Ғаниева мен Ә.Марғұлан атындағы археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Серғазы Қайырбекұлы Сәкенов Бозоқ қалашығы аумағындағы этноархеологиялық кешен ретінде қазақ қыстауының далалық зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырды.

Археологиялық зерттеулер қазақтардың стационарлық құрылыстарын анықтады. Құрылымдар жергілікті шикізаттан жасалған өңделмеген және күйдірілген кірпіштен салынған. Табылған артефактілер мұнда үй жануарларын өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысқан ауқатты қазақтардың өмір сүргенін айғақтайды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »