ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы кеш ортағасыр және қазіргі кезең ескерткіштерін археологиялық зерттеуге бағытталған "Нұра-Есіл өзендері аралығының мәдени генезисін қалыптастырудағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы" ғылыми бағдарламасын ісее асыру бойынша далалық жұмыстарды бастайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі музей-қорықтардың ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға қатысуының бастамашысы болды. Жұмыстардың негізгі бағыты тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу болып табылады. Жобалар үш жылға есептелген.

Бозоқ археологиялық ескерткішінде ғалым хатшы Ғаниева Айнагүл Сәбитқызы, т.ғ. к. және Ә. Марғұлан атындағы археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Сәкен Серғазы Қайырбекұлы бастаған «Бозоқ» қорық-музейінің ғылыми қызметкерлер тобы жұмыс істейді.

Дала жұмыстарына К.Ақышев атындағы музейі бар Нұр-Сұлтан қаласының №69 мектеп-гимназиясының педагогтары мен оқушыларынан еріктілер тартылды.

Алынған материалдар негізінде Нұра-Есіл өңіріндегі қазақ үй құрылысының ерекшеліктері зерделеніп, Қазақстанның далалық аймағындағы кейінгі орта ғасырдың құрылыс техникасының дамуы анықталады.

Далалық экспедицияның барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Сегодня 18 сентября 2023 года на территории археологического памятника Бозоқ, являющегося тысячелетним предшественником столицы Казахстана – города Астана, Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозоқ» Министерства культуры и информации Республики Казахстан провел экскурсию для участников Центра активного долголетия Есильского района города Астана.

Подробнее »