"Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында философия кафедрасының студенттерімен, магистранттарымен және докторанттарымен кездесуге жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты З. Сураганова білім беру бағдарламаларының сарапшысы ретінде шақырылды.

Кездесу барысында Зубайда Сураганова зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, "Ортағасырлық Бозоқ қалашығының киелі орны: салт-дәстүрлердің сипаты және ғибадат ету объектісі" тақырыбында баяндама жасады. Баяндама аясында философия кафедрасының қонағы білім алушыларды ерте ортағасырлық Бозоқ қалашығындағы археологиялық ескерткіш – қасиетті орынның негізгі идеясын түсіндіретін мәдениеттанулық интерпретациялық модель жасауға мүмкіндік беретін түрлі теориялық тәсілдемелермен және перспективалармен таныстырды.

Сарапшымен кездесу философия кафедрасының студенттері мен оқытушылары арасында қызығушылық тудырды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2024 жылғы 16 ақпанда «Мемлекет Басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы негізгі идеяларды іске асыру» атты дөңгелек үстелді К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның қатысуымен өткізді.

Подробнее »

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМДЕ КЕМЕЛ АҚЫШЕВТІҢ , «БОЗОҚ қалашығы: планиграфия семантикасы және функциялары», «Бозоқ Еуразияның ортағасырлық мәдениеттерінің панорамасында»; В. Варфоломеевпен бірлескен «Бозок қалашығының тұрғын үйлері («Жилища городища Бозок») еңбектері танымал.

Подробнее »