2025 жылғы 4 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы, К.А.Ақышев атындағы Археология ҒЗИ ғылыми қызметкері Брынза Татьяна Васильевнамен кездесу өтті.

Үш онжылдықта Ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің қазығына айналды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында: «Берік бірліктің арқасында біз өз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасадық. Бұл уақыт жасампаздық пен прогресс, бейбітшілік пен келісім кезеңіне айналды»- деп атап өтті.

Татьяна Васильевна, оның аталары мен әжелері Ақмола облысына қоныс аударған, маман-археолог ретінде қалыптасты. Татьяна Васильевна Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдері, қазақ халқы сол кездегі үлкен кеңес елінің түкпір-түкпірінен қоныс аударушыларды, депортацияланған және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды жылы қабылдағаны туралы айтып берді.

Татьяна Васильевнаның алғашқы тәлімгері-әлемге әйгілі археолог Виктор Федорович Зайберт. Онымен бірге жас археолог Ботай елді мекенін қазба жұмыстарына қатысты.

Кейінірек Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ К.А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның басшылығымен Бозоқ ежелгі қалашығының қазба жұмыстарына қатысты. Марал Қалымжанқызы ғылымға адал адам ретінде оны болашаққа шабыттандырды. Татьяна Васильевна атап өткендей, археологиялық қауымдастық өте берік. Бұған мысал ретінде отбасын Татьяна Бозокта құрды. Жұбайы Данияр Тілеуғабұлов – археолог. Екі қызын да «бозоқтықтар» деп санайды.

Халықтың даналығы, қонақжайлылығы мен мейірімділігі этникалық тегіне, әлеуметтік, діни немесе өзге де қатыстылығына қарамастан мемлекеттің барлық азаматтарын шоғырландырудың біріктіруші бастамасы болды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »