Бозоқты музеефикациялау тәжірибесі халықаралық ғылыми конференцияда таныстырылды

2026 жылғы 2–6 қараша аралығында Түркі археологиясы және мәдени мұра институтында Түркі әлеміндегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелеріне арналған І халықаралық конференция өтуде.

4 қарашада өткен секциялық отырыста Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми хатшысы, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері Айнагүл Сабитқызы Ганиева «Далалық археология және тарихи-мәдени мұра нысандарын музейлендіру: Бозоқ тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама Бозоқ тәжірибесі негізінде далалық археологиялық зерттеулер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын музейлендіру мәселелеріне арналды. Халықаралық ғылыми алаңда осы тәжірибені таныстыру Бозоқ мұрасын кеңінен насихаттауға және археологиялық ескерткіштерді сақтау мен музейлендіру бағытында кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты