SCAT әуекомпаниясының ASPAN борттық журналында Бозоқ қалашығы туралы материал жарияланды

SCAT әуекомпаниясының ASPAN борттық журналында Бозоқ қалашығы туралы материал жарияланды

SCAT әуекомпаниясының жолаушыларына арналған ASPAN борт журналының қазан айындағы санында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметі мен көне Бозоқ қалашығының тарихына арналған танымдық материал жарық көрді.

ASPAN - SCAT әуекомпаниясының жолаушыларына арналған борт журналы. Басылым ай сайын жарық көреді және әуе кемелерінің бортында тегін таратылады. Журналдың негізгі мазмұны саяхат, туризм, мәдениет, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, көрікті жерлері мен халықаралық туристік бағыттар туралы ақпараттық-танымдық материалдарды қамтиды. Басылым жолаушыларға саяхат бағыттарымен танысуға және мәдени-танымдық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Журналдың таралымы 10 000 дананы құрайды, ал аудиториялық қамту көрсеткіші 1,5 миллион адамға жетеді.

Бозоқ қалашығының тарихы мен болашақ ұлттық парк тұжырымдамасының халықаралық аудиторияға арналған танымдық басылымда жариялануы-еліміздің тарихи мұрасын шетелде таныту жолындағы маңызды қадам

Материалдың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыздар:

📖 ASPAN журналындағы материалды оқу (PDF)

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты