«БОЗОҚ» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ МУЗЕЙЛЕРІНІҢV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫНА ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 17-22 қазан аралығында Өзбекстан Республикасының Әндіжан қаласында «Әндіжан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында «ТҮРКСОЙ Музейлер одағының V кезеңдік отырысы» және «Түркі әлемі музейлерінің V кездесуі» өтті.

Халықаралық симпозиум ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің, Өзбекстанның Мәдени мұра агенттігінің және Әндіжан облысы әкімдігінің ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.

Түркі дүниесінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және дәріптеу бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Гагаузиядан жетекші музей қызметкерлері мен үйлестірушілері қатысты. Халықаралық симпозиум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау бөлімінің жетекшісі, г.ғ.м., Г.К. Уалиева қатысып, мазмұнды баяндама жасады.

«Түркі халықтарының дәстүрлі киіміндегі ою-өрнек пен түс семиотикасы: тарихи сабақтастық және ортақ этномәдени кодтар» атты баяндамасында түркі халықтарының материалдық мұрасындағы ортақ сабақтастық, дәстүрлі костюмнің визуалды-семиотикалық таңбалары мен түстер жүйесінің этно-символдық маңызы ғылыми тұрғыдан жан-жақты сараланды.

Симпозиум барысында ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің музей мамандары арасында тәжірибе алмасып, алдағы кезеңге арналған бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен халықаралық көрмелерді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты