



«Бозоқ» мәдени-тарихи музей-қорығында Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин: ағартушы мұрасы және білім берудің заманауи бағдарлары» атты дөңгелек үстел өтті.
Шарада Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы сюжет көрсетіп, баяндама барысында атпал тұлға жайлы қызықты деректермен бөлісті. Халқымыздың рухын көтеріп, білім мен ағартушылыққа үндеген Ыбырай Алтынсариннің соңына қалдырған мұрасы сараланып, көпшілікке беймәлім мәліметтер ұсынылды.
Шараға ҚР Ұлттық музейі мен «Бозоқ» музей-қорығының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара соңында Марғұлан Оспанов «Бозоқ» мәдени-тарихи музей-қорығына Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына арналған кітаптарды табыстап, алғысын білдірді.



