«BOZOQ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ЖУРНАЛЫ

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында тоқсан сайын «BOZOQ» атты ғылыми-танымдық журнал басылып шығады.

📋 Мақалаларға қойылатын талаптар

«BOZOQ» ғылыми-танымдық журналының редакциясы әрбір нөмірінде шетелдік авторлардың мақалаларын, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ғылыми мақалаларды қабылдайды. Журналдың бір санына автордың тегімен (немесе қосалқы авторлықта) бірден артық емес қолжазба беру ғана қарастырылған. Барлық талаптарға сай рәсімделген мақалалар талқылауға қабылданады, редакциялық алқа қолжазбаны іріктеп жариялауға құқылы. Мақалаға автордың келісімінсіз (стилистикалық) шағын түзетулер енгізіледі, ал маңызды түзетулерді талап ететін мақалалар қайта қарау үшін авторға қайтарылады.

Автор (авторлар) журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті (journal@bozok.kz).

Мақаланы редакцияға жолдамас бұрын, ережемен таныс екеніңізге көз жеткізіңіз және ғылыми мақаланы жариялау үшін қойылатын талаптардың толық орындалуын ескеріңіз. Мақала мазмұны үшін автор (авторлар) жауапты.

📄 Мақаланы рәсімдеу ережесі

Электрондық нұсқада MS Word (кез келген нұсқада) форматында, Times New Roman, 14 қарпімен интервал – бір, шеті – 2 см., азатжол – 1,25 см.

  • көлемі – 0,5 б.т. кем емес (7-8 компьютерлік парақша);
  • бірінші парақтың үстіңгі сол жағында ӘОЖ индексі көрсетіледі;
  • келесі жолдың оң жағында – автордың тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен қызметі, жұмыс орны;
  • келесі жолда мақаланың атауы БАС әріппен жазылады;
  • аңдатпа (аннотация) берілуі керек (180-200 сөз); қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
  • түйінді сөздер. 10-ға дейін кілт сөздерді көрсету керек.
  • екі интервал арқылы мақаланың мәтіні орналасады;
  • әдебиеттер тізімі, ГОСТ 7.1-2003 талаптарына сай рәсімделеді (әдебиеттер тізімінде дереккөз бір рет беріледі, «Сонда» деген сілтеме қабылданбайды);
  • сілтемелер мен нұсқамалар нөмірленген дереккөздерге тік жақшаларда дәйексөздердің соңынан беріледі (үлгі: [1,28 б.]);
  • кестелер, формулалар, суреттер беруге рұқсат етіледі. Мақала мәтініне сурет және кесте астына жазылған жазумен бірге орналастырылады (үлгі: Сурет 1. Атауы; Кесте 1. Атауы);
  • көрнекті материалдардың (сканерлерленген түрлі-түсті және ақ-қара графикалық суреттер, диаграммалар) көрінісі 300 dpi-ден кем емес, RGB түрлі-түсті, Gray ақ-қара түсті TIFF форматтарында электрондық тасымалдаушыларда жіберілуі қажет;
  • мақала мәтіні автор тарапынан мұқият тексеріліп редакциялануы тиіс. Мақалаға автор туралы келесі қысқаша мәліметтер 3 тілде жазылуы керек. (қазақ, орыс, ағылшын)қоса тіркеледі: тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен қызметі, жұмыс орны, телефон нөмірі, e-mail.

📍 Байланыстар

Мекенжайы:
Астана қ., 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 54, 6 блок. «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК.

Телефон:
(+7172) 25-23-97

E-mail:
journal@bozok.kz

Web сайт:
bozok.kz