Бозоқ музей-қорығының негізгі міндеттері:

  • археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;
  • тарихи ескерткіштерді қорғау, қалпына келтіру және консервациялау;

 музейлік қорларды жинақтау, сақтау және жүйелеу;

  • көне мұраларды цифрландыру және ғылыми айналымға енгізу;

 көрмелер, ғылыми конференциялар, семинарлар және мәдени іс-шаралар өткізу;

  • отандық және халықаралық ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнату.
  • тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдіснамалық, мәдени-білім беру қызметін жүзеге асыру;
  • жылжымайтын ескерткіштерді және мұражай жинағын насихаттау мен танымал етуді, ғылыми-ақпараттық және жарнамалық басылымдарды дайындауды жүзеге асыру;
  • музей ісі саласында халықаралық және ведомствоаралық ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • ескерткіштердің, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафты аймақтарының және музей заттарының қорғалуын қамтамасыз ету;
  • отандық және шетелдік ұйымдар жүргізетін ғылыми-зерттеу, мәдени және мәдениеттану бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • тарих және мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды дайындауды және өткізуді ұйымдастыру, оларға қатысу;
  • музей экспозициялары мен көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын әзірлеу, жобалау және құру;
  • музейлік маңызы бар заттарды жинау мақсатында тарихи-археологиялық экспедицияларды, ғылыми іссапарларды, әр түрлі санаттағы келушілерге экскурсияларды, дәрістерді, тақырыптық кештерді ұйымдастыру және өткізу;
  • кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша оқу құралдарын басып шығару, музей қорларын толықтыру және музей экспозициялары мен көрмелерді ұйымдастыру үшін фото-және бейне түсірілімдерін өткізу;
  • кәсiпорын осы Жарғыда бекiтiлген оның қызметiнiң мәнi мен мақсатына сай емес қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелердi жасауға құқылы емес.
  • кәсiпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгiлi бiр шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретiн бұза отырып, жасаған мәмiлесi тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның, не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.