Фондтың құрамы

 

Мұражайлық-сақтау жұмысы

Қазіргі уақытта мұражай қорында 1 532 сақтау бірлігі бар, оның ішінде:

  • Негізгі қор – 1 110 сақтау бірлігі;
  • Ғылыми-қосымша қор – 432 сақтау бірлігі.

Келесі қор кітаптары жүргізілуде:

  • «Негізгі қор заттарының келіп түсу кітабы»;
  • «Ғылыми-қосымша қорды есепке алу кітабы».

Мұражай қорлары «Музейге сый» акциясы аясында және далалық археологиялық экспедициялар нәтижесінде жәдігерлермен толықтырылып отырады.

Мұражай-қорықтың кітапханасында 2 785 дана ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиет бар.

Мұражай экспозициялары

Қазіргі уақытта «Бозоқ» мұражай-қорығының офисінде 3 мұражайлық экспозиция жұмыс істейді:

  1. Таныстырылым экспозициясы – «Бозоқ» ұлттық паркінің көлемді макеті;
  2. Ғылыми-археологиялық экспозиция – ғалым-археолог К. Ақышевқа, Бозоқ қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарына және мұражайдың білім беру-бұқаралық іс-шараларына арналған стендтер;
  3. Сәндік-қолданбалы өнер экспозициясы.