Қызмет бағыты
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бөлімі
- Кәсіпорын қызметінің барлық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік орталық ретінде қызмет ету;
- Кәсіпорын құзыреті шегінде материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтау, ғылыми өңдеу және насихаттау;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- ғылыми қызығушылық тудыратын материалдарды, сондай-ақ Кәсіпорын қызметінің аясына кіретін тарихи-мәдени объектілерді жинау, жүйелеу, консервациялау және реставрациялау бойынша далалық экспедициялық жұмыстарды жүзеге асыру;
- жаңа материалдарды ғылыми айналымға енгізу.
Қор жұмысы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі
- Кәсіпорын экспозицияларының сақталуын қамтамасыз ету, музей экспонаттары мен заттарының бүлінуіне, жоғалуына және ұрлануына жол бермеу;
- Кәсіпорынның ішкі ережелерін сақтау, тәртіпті қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді жою үшін олар туралы инженерлік-шаруашылық бөлімге жедел хабарлау;
- өрт қауіпсіздігі шараларын орындау және қауіпсіздік ережелері мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасын сақтау;
- музей заттарын жинау, есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету;
- Кәсіпорында ғылыми-реставрациялық, реставрациялық-білім беру, мәдени-ағартушылық, ғылыми-қорлық қызметті жүргізу;
- Кәсіпорынның музей қоры құрамына кіретін музей заттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін құру;
- іс-шаралар, салтанатты жиындар, презентациялар және т.б. өткізу кезінде кино-видео архивтік материалдар базасын құру үшін фото/видеотүсірілім жүргізу;
8. фото/видеотүсірілім материалдарын өңдеуді жүзеге асыру.
Қаржы бөлімі
- басшылық пен басқару үшін қажетті шаруашылық процестер мен субъект қызметінің қаржылық нәтижелері туралы толық және шынайы ақпараттың қалыптастырылуын қамтамасыз ету;
- бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес, Кәсіпорын қызметінің құрылымы мен ерекшеліктерін, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, есеп саясатын қалыптастыру;
- Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- саланың жай-күйі мен даму үрдістерін талдау негізінде Кәсіпорынның бірыңғай экономикалық саясатын қалыптастыру, Кәсіпорын қызметін жүзеге асыруға арналған шығыстарды жоспарлау тұжырымдамасын және инвестициялық бағдарламаларды жетілдіру;
- нарық жағдайында өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі экономикалық талаптарға Кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен басқару жүйесін бейімдеу мақсатында оның экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру және айқындау;
6. Кәсіпорын қызметінің барлық түрлеріне кешенді талдау жүргізу, барлық өндірістік және технико-экономикалық көрсеткіштер бойынша статистикалық есеп жүргізу және статистикалық материалдарды жүйелеу.
Кадрлық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
- құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру;
- құжаттандырудың бірыңғай тәртібін, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- Кәсіпорынның кадрлық саясатын іске асыру;
- ұйымның іс жүргізу жұмыстарын жүргізу;
- өз құзыреті шегінде Кәсіпорын құжаттарын әзірлеу және белгіленген тәртіппен директордың бекітуіне ұсыну;
- бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша директор мен оның орынбасарының тапсырмаларын орындау;
- еңбек тәртібінің сақталуын бақылау;
- өз құзыреті шеңберінде ақпаратты жедел түрде (сұрау бойынша) ұсыну
Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімі
- құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру;
- ұйымға физикалық және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрауларын есепке алу және тіркеу;
- Кәсіпорын құжаттарын құқықтық сүйемелдеу, сараптау, талап-шағым жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Кәсіпорында жұмыс істейтін тұрақты және уақытша комиссиялардың қызметін құқықтық сүйемелдеу;
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық көмек көрсету. Кәсіпорынның барлық қызмет бағыттары бойынша азаматтық-құқықтық келісімшарт жобаларын әзірлеу, құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар мен анықтамалар дайындау;
- өз құзыреті шегінде Кәсіпорын құжаттарын әзірлеу және белгіленген тәртіппен директордың бекітуіне ұсыну;
- бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша директор мен оның орынбасарының тапсырмаларын орындау;
7. өз құзыреті шеңберінде ақпаратты жедел түрде (сұрау бойынша) ұсыну.
Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі
- техникалық мәселелерді сапалы және уақытылы шешуді қамтамасыз ету;
- жобалық-зерттеу және басқа да жұмыстардың сапасына, олардың нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізу;
- құрылыс, қайта құру және күрделі құрылыс барысында атқарылған жұмыстардың жоба құжаттарына, техникалық регламенттер талаптарына және инженерлік ізденіс нәтижелеріне сәйкестігін тексеру мақсатында бақылау жүргізу;
- құрылыс объектісінің қауіпсіздігіне әсер ететін жұмыстардың орындалуына бақылау жүргізу;
5. конкурс құжаттамасын техникалық бөлігінде дайындауға және рәсімдеуге көмек көрсету.
Әкімшілік-шаруашылық жұмыс бөлімі
Кәсіпорын қызметкерлерінің Жарғыда белгіленген міндеттерін орындауға қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;
- Кәсіпорын қызметкерлерінің Жарғыда белгіленген міндеттерін орындауға қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;
- компьютерлік және жүйелік жабдықтар, сондай-ақ кеңсе техникасының дұрыс жұмысын қамтамасыз ету;
- Кәсіпорын балансында тұрған автокөліктерге техникалық қызмет көрсетудің уақытылы жүргізілуін және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды қамтамасыз ету;
- Кәсіпорын қызметінің дұрыс жүзеге асырылуы үшін қажетті материалдық-техникалық құралдарды, канцелярлық тауарларды және тұтыну материалдарын сақтау, есепке алу және беру;
- жеткізушілердің келісімшарттық міндеттерін, келіп түскен материалдардың және басқа материалдық ресурстардың саны мен сапасын бақылау;
- өткізілетін жиналыстар, конференциялар, семинарлар және басқа Кәсіпорын іс-шараларын шаруашылық жағынан қамтамасыз ету;
7. ақпараттық жүйе жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету