14 наурыз – қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдіреді.

Көрісу – сыйластық пен бірліктің, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің белгісі. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің бастауын білдіретін бұл күн халықты татулыққа, мейірімділікке және жақындыққа үндейді. Осыған орай, Ұлттық музейде Көрісу күніне арналған іс-шара өтті. Аталған шара аясында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері арнайы барып, әріптестерін мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында ұлттық дәстүр дәріптеліп, қонақтар […]