«БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Наурызнама аясында музейлік дәрістер апталығын ашқан ғылыми-этнографиялық дәріс өтті.

Іс-шараға Астана қаласы мектептерінің педагогтері қатысты. Кездесу барысында Сұрағанова Зубайда Қабиқызы Наурыздың семантикалық және этимологиялық мәнін, сондай-ақ көктемгі мерекелік циклдегі Амал мерекесінің орнын ашып көрсетті. Қажымұрат Төлегенұлы мерекенің тарихи деректері мен оның орта ғасырлардағы жалғастығы туралы баяндады. Қазанбаев Жанболат Асқарұлы Наурызды тұрмыстық деңгейде атап өту ерекшеліктерін, өңірлік айырмашылықтарын және дәстүрлі рәсімдерін түсіндірді. «БОЗОҚ» музей-қорығы Наурыз […]