Мақсат Арғынбекұлы музей-қорық қызметкерлері мен дала жұмыстарына қатысушыларға арнаған сөзінде болашақ ұрпақ үшін еліміздің тарихи-мәдени мұрасының тарихы мен сақталуын зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, қазба жұмыстарына қатысқан еріктілерге алғыс хаттар табыс етті. «Бозоқ» музей-қорығының директоры Сәуле Бөкейханқызы Бурбаева үш ғылыми жобаның жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді. «Бозоқ» музей-қорығының ғылыми хатшысы Айнагүл Сәбитқызы Ғаниева мен Ә.Марғұлан атындағы археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Серғазы Қайырбекұлы Сәкенов Бозоқ қалашығы аумағындағы этноархеологиялық кешен ретінде қазақ қыстауының далалық зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырды.
Археологиялық зерттеулер қазақтардың стационарлық құрылыстарын анықтады. Құрылымдар жергілікті шикізаттан жасалған өңделмеген және күйдірілген кірпіштен салынған. Табылған артефактілер мұнда үй жануарларын өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысқан ауқатты қазақтардың өмір сүргенін айғақтайды.