ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ортағасырлық Теңіз-Қорғалжын ойысы тұрғын үйінің дәстүрлі сәулет түрлері: эволюцияның шығу тегі мен ерекшеліктері» ғылыми бағдарламасын іске асыру мақсатында 2021 жылдың 26 шілдесінде Бытығай археологиялық ескерткішінде дала жұмыстарын бастады.