2022 жылдың 19 мамырында ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ-білім аумағы» мәдени-білім платформасы және Халықаралық музейлер күні аясында Нұр-Сұлтан қаласының Мұстафа Шоқай атындағы № 51 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушыларына «Ежелгі стационарлық кешендерді музейлендіру мәселелері: проблемалар мен перспективалар»тақырыбында музей сабағын өткізді.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалым хатшысы Айнагүл Сәбитқызы Ғаниева болашақ Ұлттық парктің көлемді макеті бойынша музей сабағын және экскурсия өткізді.

Балалар Бегеева Салтанат Қосарқызының жетекшілігімен ежелгі Бозоқ қалашығы-археологиялық ескерткіштің материалдары бойынша ғылыми жоба жазуды жоспарлап отыр. Қазақстан тарихы бойынша музей сабақтары тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таратуға және еліміздің тарихын тереңдетіп зерделеуге ықпал етеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2024 жылғы 16 ақпанда «Мемлекет Басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы негізгі идеяларды іске асыру» атты дөңгелек үстелді К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның қатысуымен өткізді.

Подробнее »

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕМДЕ КЕМЕЛ АҚЫШЕВТІҢ , «БОЗОҚ қалашығы: планиграфия семантикасы және функциялары», «Бозоқ Еуразияның ортағасырлық мәдениеттерінің панорамасында»; В. Варфоломеевпен бірлескен «Бозок қалашығының тұрғын үйлері («Жилища городища Бозок») еңбектері танымал.

Подробнее »