ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесе отырып, 2021 жылдың 18-қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі мен репрезентациялау» атты Халықаралық ғылыми семинар өткізді.

Семинарда Сарыарқаның соңғы қола дәуіріндегі металлургиясын зерттеудің кейбір мәселелері талқыланады. Семинардың жұмысына Қазақстан мен Ресейдің археометаллургия саласында беделді ғалымдары қатысты. Атап айтсақ, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері – А. Ермолаева, Д. Байтілеу, А. Ержанова. Азат Қалыұлы Айтқали, Нұр-Сұлтан қаласындағы Археология институты филиалының директоры.

Семинар қатысушыларына ҚР МСМ Мәдениет комитетінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Сейдалиева Жанат Сейдалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, ғалымдардың пәнаралық және кешенді зерттеулерінің арқасында Ұлы дала тарихының жаңа қырлары ашылғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Қабдуәліқызы Ақтаева музейлердің ғалымдармен бірлесе отырып, мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне баса назар аударды.

1994 жылдан бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғалымы Ермолаева Антонина Сергеевна әріптестерімен бірге Талдысай ескерткішін кешенді түрде зерттеді,оның ішінде жаратылыстану ғылымдары мен эксперименталды модельдеу әдістерін тарта отырып, далалық және зертханалық зерттеулер жүргізді. Ермолаева Антонина Сергеевна Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Сарыарқаның тау-кен металлургия орталықтарындағы ежелгі металлургия зерттеуінің нәтижелері туралы айтты.

Қарағанды облысының Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің директоры Зейпін Зикировна Қазанбайқызы алынған нәтижелердің тәжірибелік қолданылуы туралы айтып берді. Антонина Сергеевна музей құрылған күннен бастап тау-кен және балқыту ісі музейінің ғылыми қызметкерлері үшін тұрақты кеңесші болып табылады.

Ежелгі Металлургтер қонысындағы тас құралдарын трасологиялық зерттеу ғылыми семинарға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. (Ержанова Альбина Ергешбайқызы, ғылыми қызметкер ) Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институты.

Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.к. Байтілеу Дархан Айтжанұлы және «Бозоқ» музей-қорығының жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.к Сұрағанова Зубайда Кабиқызы баяндама жасады.

Талқылау және пікір алмасу үшін тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашұлы Самашев, Таймағамбетов Жакен Қожахметұлы, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Археология, этнология кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық музейінің бас ғылыми қызметкері, Жауымбаев Сағындык Убайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Марал Калымжановна Хабдулина, К.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Археология және этнология кафедрасының доценті, т.ғ.к. баяндамаларымен сөз сөйледі.

Зейнолла Самашев ежелгі металлургияның дамуы қола дәуірінің технологиялық серпілісіне айналғанын атап өтті. Сондай - ақ, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі ежелгі тау-кен металлургия орталықтарын кешенді зерттеу бойынша зерттеулерді жандандыруды ұсынды.

ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн режимінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет басқармаларының өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық музейлердің директорлары мен ғылыми қызметкерлері, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталықтардың басшылары қосылды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2024 жылғы 16 ақпанда «Мемлекет Басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы негізгі идеяларды іске асыру» атты дөңгелек үстелді К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның қатысуымен өткізді.

Подробнее »