Сәуле Бөкейханқызы өз сөзінде Ашық аспан астындағы Бозоқ ұлттық паркін құру жөніндегі республикалық жобаны іске асыру барысы, музеификациялаудың әлемдік тәжірибесі, ұжым алдында тұрған міндеттер, перспективалар мен оларды шешу жолдары туралы айтып берді.
Музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері алқа жұмысына онлайн режимінде қатысты. Біз Министр Дәурен Әскербекұлына жобамызға көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.