2022 жылғы 16 ақпанда ҚР МСМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және архив ісі мәселелері жөніндегі кеңейтілген алқа отырысында (офлайн режимде) "Тарихи-мәдени мұра объектілері туристік дестинация ретінде: ілгерілету проблемалары мен перспективалары" тақырыбында баяндама жасады.

Сәуле Бөкейханқызы өз сөзінде Ашық аспан астындағы Бозоқ ұлттық паркін құру жөніндегі республикалық жобаны іске асыру барысы, музеификациялаудың әлемдік тәжірибесі, ұжым алдында тұрған міндеттер, перспективалар мен оларды шешу жолдары туралы айтып берді.

Музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері алқа жұмысына онлайн режимінде қатысты. Біз Министр Дәурен Әскербекұлына жобамызға көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin