Bozok University-Түркиядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. Бозоқ Университеті өз тарихын 2006 жылдан бастайды. Оқу орны Түркияның шағын қаласы-Йозгатта орналасқан.
Университетте 9 факультет, 3 институт және 8 жоғары кәсіптік мектеп бар. Университетте кітапхана, сабаққа арналған кабинеттер, интернет, футбол – баскетбол спорт алаңы 7/24 сағат интернет (Wi-Fi), зертхана, демалыс бөлмелері бар.
Университет балқан университеттерінің желісіне кіреді (Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Греция, Косово, Хорватия, Румыния, Сербия, Словения, Түркия, Македония, Молдова, Черногория).
Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы Түркиядан келген қонақтарды Бозоқ тарихи-мәдени жобасымен таныстырды.
Мехмет Кутлу мен Лейла Кутлу Бозоқ университеті туралы, түрік тіліндегі "бозоқ" терминінің мағынасы туралы айтып, бірлескен жұмыс жоспарларымен бөлісті.
"Бозоқ" музей-қорығының директоры Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы және Мехмет Кутлу Bozok University атынан Түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттау мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
"Бозоқ” музей -қорығы мен Bozok University ынтымақтастығындағы ерекше басымдық Тараптар үшін өзекті, өзара қызығушылық тудыратын ғылыми және мәдени-білім беру бағыты бар жобалар болады.