Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Нұра-Есіл өзенаралығында мәденигенезді қалыптастырудағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы» ғылыми бағдарламасын іске асыру аясында 2023 жылғы 30 қарашада «Қазақ даласындағы үй құрылысы: дәстүрлер мен ерекшеліктер» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары:

1. Археологиялық материалдар бойынша үй салудың ежелгі дәстүрлері: құрылыс құрылымдарының ерекшеліктері.

2. Орта ғасырлар мен қазіргі заманның қоныстану ескерткіштерін зерттеудің жаңа деректері мен нәтижелері.

3. Қазақ уақытының ескерткіштерін зерделеудің өзекті мәселелері.

4. Археологиялық зерттеулердегі пәнаралық тәсілдер.

5. Тарихи-мәдени мұраның жойылып бара жатқан объектілері: проблемалар, тәжірибе, музейлендіру.

Соңғы онжылдықтарда отандық археологтар әртүрлі хронологиялық кезеңдердегі ондаған қоныстану ескерткіштерін ашты. Олардың барлығы тарихи реконструкцияға үлкен қызығушылық тудырады. Тұрғын үй күрделі кеңістік кешен ретінде материалдық мәдениеттің негізгі элементі болып табылады, оған сәйкес халықтың этникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірін зерттеуге болады. Тұрғын үйлерді және оның жекелеген элементтерін реконструкциялау әдістері бізге археология объектілерін визуалды түрде ұсынуға және оларды мәденигенез бөлігі ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жетекші отандық ғалымдар, археологтар, тарихшылар, этнографтар, музей қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады. Ғылыми семинарға қатысушыларға ZOOM интернет-платформасы арқылы іс-шараға онлайн-қатысу мүмкіндігі беріледі. Дөңгелек үстел идентификаторы: 987 345 4382Кіру коды: 112233

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жекелеген баяндамалар электрондық жинақта жарияланатын болады. Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54, 6 блок. Басталуы: сағат 10.00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:

+ 7 (7172)999-062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin