Наурыз мерекесіне арналған «Әз-Наурыз мейрам толқыны, жасампаздық бастауы, ырыс береке арқауы» этнографиялық мереке ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2022 жылдың 17 наурызында Наурыз мерекесіне арналған «Әз-Наурыз мейрам толқыны, жасампаздық бастауы, ырыс береке арқауы» этнографиялық мерекесін өткізді. Іс-шараға жетекші отандық ғалымдар мен Ақмола облысы Целиноград ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысады.

Наурыз – күн мен түннің теңесу күні, ол көптеген халықтардың мәдениеттерінде 21 наурызда басталады. Наурызды тойлау дәстүрі ежелгі тарихқа ие, көптеген халықтар арасында сақталған және қазіргі жағдайда өзінің тарихи-мәдени маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін, қазір де қастерлі саналатын салт-дәстүрлерді жаңғыртатын халықтық мереке.

Қазақ халқының отбасы мен өскелең ұрпақтың тәрбиесімен байланысты салт-дәстүрлері – халық даналығы, философия, дүниетану, адамгершілік мұраттары мен дәстүрлі тұрмыс-салт біріктірілген оның тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінің бірі. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы негізінде дамыды.

Қазақ халқының отбасы мен өскелең ұрпақтың тәрбиесімен байланысты салт-дәстүрлері – халық даналығы, философия, дүниетану, адамгершілік мұраттары мен дәстүрлі тұрмыс-салт біріктірілген оның тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерінің бірі. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтар сабақтастығы негізінде дамыды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстандықтарға арнаған жаңа жылдық Жолдауында 2022 жыл – балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Олардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің кемел болашағының сенімді кепілі. Наурыз мерекесінде баланың алғашқы қадамдарымен байланысты «Тұсау кесер» этнографиялық салт-дәстүрі өткізілді. Тұсау кесетін адамның әрекеті жеңіл, жылдам болуы маңызды. Шақырылған қонақтар арасында ең құрметті, жас, денсаулығы мықты, әдемі, жігерлі және құрметті адамдар таңдалды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к., доцент Ұлан Үмітқалиұлы Үмітқалиев және Ә. Марғұлан атындағы Археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Серғазы Қайырбекұлы Сәкенов Әмір және Фараби есімді ұл балалардың "Тұсау кесер" рәсімін өткізді.

Балалардың алдына 5 зат қойылды: домбыра, кітап, ақша, ойыншық және кілттер. Сондай-ақ, «Жол таңдау» рәсімі, өмірлік бағдарды таңдау өткізілді. Домбыраны таңдау-адамның шығармашылық, кітап – білім, ақыл; ақша – өркендеу; кілттер-әл-ауқат; кішкентай балалар болғандықтан ойыншықтар қойылды.

Ұлан Үмітқалиұлы балалардың өмірлері алғашқы қадамдардан бастап жақсы болсын деп бата берді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin