ҚР Мәдениет және спорт министрлігі музей-қорықтардың ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға қатысуының бастамашысы болды. Жұмыстардың негізгі бағыты тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу болып табылады. Жобалар үш жылға есептелген.
Бозоқ археологиялық ескерткішінде ғалым хатшы Ғаниева Айнагүл Сәбитқызы, т.ғ. к. және Ә. Марғұлан атындағы археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері Сәкен Серғазы Қайырбекұлы бастаған «Бозоқ» қорық-музейінің ғылыми қызметкерлер тобы жұмыс істейді.
Дала жұмыстарына К.Ақышев атындағы музейі бар Нұр-Сұлтан қаласының №69 мектеп-гимназиясының педагогтары мен оқушыларынан еріктілер тартылды.
Алынған материалдар негізінде Нұра-Есіл өңіріндегі қазақ үй құрылысының ерекшеліктері зерделеніп, Қазақстанның далалық аймағындағы кейінгі орта ғасырдың құрылыс техникасының дамуы анықталады.
Далалық экспедицияның барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз.