Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы!

Сіз еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және танымал етуге көп көңіл бөлесіз.

«Мәдени Мұра» мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет орасан зор міндет қойылды: еліміздің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту; мәдени мұраны, оның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, фольклорды, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін құру. Тәуелсіздіктің арқасында тарихи-мәдени мұраны сақтау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Сізге «БОЗОҚ» музей-қорығының ұжымы «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» жобасын ұдайы қолдағаңыз үшін алғыс айтады. Біз Сізді ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтаймыз. Бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары сенімі. Бүгінде барлық жетекші ғалымдар, музей қызметінің өкілдері және жұртшылық Министрліктің еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бастамаларын қолдайды. Сізге зор денсаулық, бейбітшілік және жақсылық тілейміз! Рухани дамуға бағытталған қызықты мазмұнды жобалар тілейміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin