Бүгін 2021 жылдың 28 шілдесінде ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Көне Бозоқ-Еуразияның түркі мұрасы» тарихи - мәдени жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Суретшілердің шығармашылық одағы өкілдерінің қатысуымен кезекті далалық семинар-практикум өткізді.

Дала практикумына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Суретшілер одағы» басқармасының төрағасы У.Д. Исмаилов, белгілі суретшілер Б.Ж. Арипов, Т.Х. Ордашев, Д. Нугер, А. Б. Сырғабаев, М. О. Сыдықов, Ысқақбек Серікжан, Д. А. Макин және А. Б. Қадырбаев қатысты.

Далалық практикумға қатысушылар үшін көне Бозоқ қалашығы - археологиялық ескерткішінде және «Бозоқ» музейй-қорығының жобалық офисінде экскурсия жүргізілді.

Бүгінде шығармашылық одақтар елорда тарихын зерттеуге ерекше қызығушылық танытып отыр.

Археологиялық ескерткішке баруға және көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астында ұлттық парк құру жөніндегі жоба туралы толығырақ білуге ниет білдірген Исмаилов Өмірәлі Дүренбекұлының басшылық ететін Суретшілер одағына шын жүректен алғыс білдіреміз.

Суретшілер қазіргі елорданың түпкі атасы Бозоқ қалашығының мыңжылдық тарихына арналған суреттер салу бастамасын білдірді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 11 маусым “БОЗОҚ”музей-қорық аумағында көрнекті жазушы, тарихшы-зерттеуші МҰРАТ ЫДЫРЫСҰЛЫМЕН мазмұнды кездесу өтті. Ол – XVIII ғасырдағы ұлт тарихының маңызды кезеңдерін арқау еткен «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» атты көлемді тарихи-көркем еңбектің авторы.

Подробнее »

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

Подробнее »