Рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.

Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды.

Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен конгрес Елбасының бітімгершілік идеяларына жол ашты. Олардың арасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ерекше орын алады.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев: «Береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, татулық пен келісім – біздің басты байлығымыз», – деген болатын.

Елбасы кітапханасы Рухани келісім күніне орай бейнеролик дайындады, оның мақсаты – еліміздің одан әрі табысты дамуы үшін көпұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын нығайту.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Сегодня 18 сентября 2023 года на территории археологического памятника Бозоқ, являющегося тысячелетним предшественником столицы Казахстана – города Астана, Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозоқ» Министерства культуры и информации Республики Казахстан провел экскурсию для участников Центра активного долголетия Есильского района города Астана.

Подробнее »

Бүгін күздің жылы күнінде археологиялық ескерткіш аумағында Астана қаласының жастар ұйымдарының бастамасымен Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Жастар комитетінің , "Бозоқ" музей-қорығының қолдауымен "КиелI табиғат" акциясы аясында сенбілік өтті.

Подробнее »