Нұра-Есіл өзенаралық культурогенезінің қалыптасуындағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мәдени-қорығы Есіл өзенінің жоғарғы сағасындағы жаңа уақыт пен соңғы ортағасыр ескерткіштерін археологиялық зерттеуге бағытталған «Нұра-Есіл өзенаралық культурогенезінің қалыптасуындағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру бойынша зерттеулерді бастайды.

Ғылыми бағдарламаның жұмыс тобына Солтүстік Сарыарқаның қоныстану ескерткіштерінде мол тәжірибесі бар жас ғалым-археологтар енді.

2021 жылдың 9 маусымында жұмыс тобының, оның ішінде Айнагүл Ғаниева (т.ғ.к.), Серғазы Сәкенов (PhD), Данияр Тілеуғабылов (докторант), Азамат Дүкомбайев (тарих магистрі), Қажымұрат Төлегеұлы (тарих магистрі), Құлжанова Бақытгүл Темірбайқызының қатысуымен жұмыс отырысы өтті. Отырыс барысында бірлесіп орындаушылардың күнтізбелік жоспарлары, басым міндеттері, жобаны іске асыру мерзімдері талқыланды және бекітілді.

2021 жылдың 10 маусымында Бұзықты көлінің оңтүстік - шығыс жағалауында орналасқан XVIII ғасырдағы қыстақ аумағына шолу зерттеу жүргізілді. Жобаның ғылыми кеңесшісі ретінде Л. Гумилев атындағы ЕҰУ К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, т.ғ.к. Хабдулина Марал Қалымжанқызы шақырылды.

Қазақ үй құрылысын зерттеу бүгінгі күні археология ғылымының өзекті міндеті болып табылады. Болжанып отырған зерттеулер өлкенің мәдениеті мен тарихын ашатын құрылыс техникасы мен қазақ тұрғын үйлерінің түрлерін дамыту жөніндегі түсініктерді кеңейтеді.

Ғылыми жобаның жұмыс тобына қойылған міндеттердің сәтті жүзеге асуына тілектеспіз!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin