Бытығай қалашығының ескерткіш аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын консервациялау басталды.

Жазғы кезеңде Әлкей Марғұлан атындағы археология институты филиалының жетекші ғылыми қызметкері , PhD докторы СЕРҒАЗЫ Сәкеновтің басшылығымен экспедиция құрамында 1974 жылы болған белгілі қазақстандық археолог Марат Сембиннің қатысуымен қазба жұмыстары жүргізілді. Зерттеулер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған ғылыми жобалар конкурсының арқасында мүмкін болды. ҚР МСМ Бозоқ музей - қорығы атқаратын ғылыми зерттеудің тақырыбы «Ортағасырлық кезеңдегі Теңіз-Қорғалжын ойпатындағы тұрғын үй сәулетінің дәстүрлі түрлері: шығу тегі мен ерекшеліктері». Алғашқы қазба жұмыстары сәтті өтті, табылған артефактілер Алматы қаласының ғылыми - зерттеу институттарына талдау жүргізуге жіберілді ( майлы түрдегі жұмбақ сұйықтығы бар құмыра және т.б.). Қыркүйектің жылы күндерінде консервация жұмыстары жүргізілуде. Алғыс ретінде археологтар тапқан қаражатына жатақхана студенттеріне төсек жабдықтарын сатып алуға шешім қабылдады. Қайырымдылық акциясын тұрақты негізде барлық музей-қорықтар өткізеді. Бозоқтың ғылыми қызметкерлері Ақмола облысының әкімдігіне тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Сегодня 18 сентября 2023 года на территории археологического памятника Бозоқ, являющегося тысячелетним предшественником столицы Казахстана – города Астана, Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозоқ» Министерства культуры и информации Республики Казахстан провел экскурсию для участников Центра активного долголетия Есильского района города Астана.

Подробнее »

Бүгін күздің жылы күнінде археологиялық ескерткіш аумағында Астана қаласының жастар ұйымдарының бастамасымен Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Жастар комитетінің , "Бозоқ" музей-қорығының қолдауымен "КиелI табиғат" акциясы аясында сенбілік өтті.

Подробнее »