«Бозоқ-білім аумағы» ғылыми-танымдық, музей акциясы «Бірегей экспонаттар сөйледі»

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музейге сый» акциясы аясында кітаптар коллекциясымен толықтырылды, олардың бірі ерекше назар аударады: «Қазақстан этностарының музыкалық мұрасы».

Белгілі ғалым-фольклорист Берік Жүсіповтың музыкалық антологиясы алғаш рет Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай шығарылды. Автордың басты мақсаты - Қазақстанда тұратын этникалық диаспоралардың халық музыкасының үлгілерімен таныстыру. Қазақстан халықтарының ән және инструменталды шығармашылығы жүзден астам этностың музыкалық мұрасымен ұсынылған.

Басылым екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әр этностың рухани-тарихи өмірін бейнелейтін ән, би, аспаптық шығармаларға топтастырылған халық музыкасының жанрлары. Екінші бөлімде музыкалық фольклордың ең таңдаулы үлгілері 28 СD компакт-дисклерде жазылған. Антология үш тілде, оқырмандардың кең ауқымына қол жетімді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

14 наурыз 2025 жылы, көктем мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында, ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Наурызнама» онкүндігін «Тарихи ғылым ардагерлеріне тағзым» атты мерекелік акциямен ашты. Бұл шара «КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ» құрметіне ұйымдастырылды.

Подробнее »

2025 жылдың 13 наурызында Наурызнама мерекелеу қарсаңында жаңа тұжырымдамаға сәйкес “БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония оркестрімен (бас дирижер Нұрлан Бекенов) бірлесіп, ,,Бозоқ әуендері: тарих пен дәстүр үндестігі" іс-шарасын өткізді.

Подробнее »

2025 жылғы 4 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы, К.А.Ақышев атындағы Археология ҒЗИ ғылыми қызметкері Брынза Татьяна Васильевнамен кездесу өтті.

Подробнее »