«Бозоқ-білім аумағы» ғылыми-танымдық, музей акциясы.

КЕМАЛ АҚЫШҰЛЫ АҚЫШЕВ- ҒАЛЫМ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ.

Имя выдающегося ученого-археолога Кемаля Акишевича Акишева вписано в историю государства , благодаря открытию и исследованию памятников, получивших мировую известность: сакские пирамиды некрополя Бесшатыр, курган Иссык, в котором найден «Золотой воин», легендарный древний Отрар, средневековые города Великого шелкового пути, городище Бозок на Ишиме.

Аса көрнекті ғалым-археолог Кемал Ақышұлы Ақышевтің есімі әлемге әйгілі ескерткіштердің ашылуы мен зерттелуінің арқасында мемлекет тарихына жазылды: Бесшатыр қорымының сақ пирамидалары, «Алтын жауынгер» табылған Есік қорғаны, аты аңызға айналған ежелгі Отырар, Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалары, Есілдегі Бозоқ қалашығы. Қазақстан археологиялық мектебінің негізін қалаушы Кемал Ақышұлы Ақышев Ұлы Отан соғысының ардагері. «Құрмет Белгісі» орденімен, «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне» медальдарымен, «Парасат» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, оның есімі Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына енген.

200-ден астам ғылыми еңбектер мен 15 кітаптардың авторы. Кемал Ақышев Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанынан археологиялық экспедиция ұйымдастырды.

Есіл экспедициясының арқасында жас Қазақстан астанасының шегінде Бозоқ қалашығының археологиялық ескерткішін қазу басталды, ғалымның болжамы бойынша, ол бүгінгі елорданың орнында біздің дәуіріміздің VII-VIII ғасырларында пайда болған. Алдағы жылдары елорда өңірінде Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құрылады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2024 жылғы 16 ақпанда «Мемлекет Басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы негізгі идеяларды іске асыру» атты дөңгелек үстелді К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның қатысуымен өткізді.

Подробнее »