"Бозоқ" музей-қорығы Виктор Федорович Зайберттің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

"Бозоқ" музей-қорығының ұжымы белгілі ғалым, археолог Виктор Федорович Зайберттің қайтыс болғаны туралы терең күйзеліспен естіді.

Виктор Федорович 40 жылдан астам өмірін Солтүстік Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштерді зерттеуге арнады. Оның көптеген зерттеулері, ғылыми жұмыстары, мақалалары мен музей экспозициялары елден тыс жерлерде кеңінен танымал. Виктор Федоровичтің есімі оның жарқын ғылыми ашылуымен және дүниежүзілік тарихқа жаңа беттер жазған әлемдегі бірегей Ботай қонысын зерттеумен байланысты. Ғалым Ботай мәдениеті дала өркениетінің бастауы екенін дәлелдеді. Ол Солтүстік Қазақстан тарихы бойынша 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Виктор Федорович «Бозоқ» ашық аспан астында ұлттық парк құру» жобасының басты тәлімгерлерінің бірі болды, энеолит қонысын қалпына келтіру бойынша ғылыми-әдістемелік кеңес берді, музейдің ғылыми, білім беру-танымдық іс-шараларына белсенді қатысты. Бұл Қазақстан тарих ғылымы үшін орны толмас қайғы.

Виктор Федоровичтің ұлы педагогикалық дарыны, қажырлы еңбегі, ізденістер романтикасы мен ғылыми тұжырымдарының қатаң қисыны өзі бастаған археологиялық ізденістерді жалғастырып дамытатын қазақстандық археологтарының жаңа плеядасын тәрбиеледі. Көптің жадында ғалым Қазақстан археология ғылымына адал әрі ынталы болып қала береді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

Подробнее »

2025 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «АДАЛ АЗАМАТ» тұжырымдамасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ДАЛА ҚҰПИЯЛАРЫ» атты ашық аспан астындағы музейлік сабақтар циклын ұйымдастырады.

Подробнее »