"Бозоқ" музей-қорығы Виктор Федорович Зайберттің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

"Бозоқ" музей-қорығының ұжымы белгілі ғалым, археолог Виктор Федорович Зайберттің қайтыс болғаны туралы терең күйзеліспен естіді.

Виктор Федорович 40 жылдан астам өмірін Солтүстік Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштерді зерттеуге арнады. Оның көптеген зерттеулері, ғылыми жұмыстары, мақалалары мен музей экспозициялары елден тыс жерлерде кеңінен танымал. Виктор Федоровичтің есімі оның жарқын ғылыми ашылуымен және дүниежүзілік тарихқа жаңа беттер жазған әлемдегі бірегей Ботай қонысын зерттеумен байланысты. Ғалым Ботай мәдениеті дала өркениетінің бастауы екенін дәлелдеді. Ол Солтүстік Қазақстан тарихы бойынша 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Виктор Федорович «Бозоқ» ашық аспан астында ұлттық парк құру» жобасының басты тәлімгерлерінің бірі болды, энеолит қонысын қалпына келтіру бойынша ғылыми-әдістемелік кеңес берді, музейдің ғылыми, білім беру-танымдық іс-шараларына белсенді қатысты. Бұл Қазақстан тарих ғылымы үшін орны толмас қайғы.

Виктор Федоровичтің ұлы педагогикалық дарыны, қажырлы еңбегі, ізденістер романтикасы мен ғылыми тұжырымдарының қатаң қисыны өзі бастаған археологиялық ізденістерді жалғастырып дамытатын қазақстандық археологтарының жаңа плеядасын тәрбиеледі. Көптің жадында ғалым Қазақстан археология ғылымына адал әрі ынталы болып қала береді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 28 қаңтарда «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығы алаңында қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық дөңгелек үстел өтті. «Ілияс Есенберлиннің шығармаларындағы тарихи мұра» атты іс-шарада жазушының «Көшпенділер» және «Алтын Орда» сияқты көрнекті шығармалары талқыланды.

Подробнее »

2025 жылғы 16 қаңтарында ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы кеңсесінде "Бозоқ-білім аумағы" мәдени – білім беру платформасы аясында Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының мектеп-лицейінің білім алушыларына арналған музей сабағы өтті.

Подробнее »