ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музейге сый» акциясын жалғастыруда.

«Ботай» (екінші бөлім) кітабының тұсаукесерін өткізу аясында белгілі ғалым-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайберт Виктор Федорович музейге Ботай мәдениетіне арналған кітаптарды сыйға тартты: «Ботай. У истоков Степной цивилизации»; «Ботай» (екінші бөлім) және көне өнер туындылары ұсынылған «Ұлы Дала мұрасы» (зергерлік өнер жауһарлары). Зайберт В.Ф. – Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша бірнеше ғылыми жаңалықтардың және 100-ден астам кітаптар мен мақалалардың авторы. Ол «Ботай» дала өркениетінің бастауы екенін дәлелдеді. Біз үшін бұл кітаптар құнды, Бозоқ ашық аспан астындағы ұлттық паркте Ботай қонысының тарихи реконструкциясы құрылатын болады. Музей акциясына қатысқаны үшін Виктор Федоровичке Алғыс білдіреміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Баспасөз-релизі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2025 жылғы 12 ақпанда «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.

Подробнее »

2025 жылғы 31 қаңтарда «Бозоқ» тарихи-мәдени музей-қорығында көрнекті ғалым, қазақтан шыққан алғаш тарих ғылымының докторы, елімізде Қазақстан тарихы кафедрасының негізін қалаушы, профессор, Қазақ ССР ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың 110 жылдығына арналған ісшарасы өтті.

Подробнее »