2021 жылдың 29 қаңтарында ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Федорович Зайберттің «Ботай» кітабының тұсаукесерін өткізді.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» тарихи-мәдени жобасын іске асыру мақсатында 2021 жылдың 29 қаңтарында тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Федорович Зайберттің «Ботай» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазбалары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық паркін құру жобасы аясында Ботай қонысының тарихи қалпына келтіруі жасалады.

Ботай - Еуразияның алғашқы жылқы өсірушілерінің әлемдегі теңдесі жоқ қонысы. Бұл мәдениеттің өмір сүруі б.з.д.V-IV мыңжылдыққа жатады. Онда жүргізілген зерттеудің тарихи маңыздылығы - бұл Қазақстан жер шарындағы жануарларды, ең алдымен жылқы мен сиырды қолға үйретудің негізгі орталықтарының бірі болып табылатындығы.

Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам өкілдері қатысты.

ҚР МСМ департаменті директорының орынбасары Арғынбеков Мақсат Арғынбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Виктор Федоровичтің отандық ғылымға сіңірген еңбегін атап өтіп, ашық аспан астындағы ұлттық паркті құру жобасы аясында «Бозоқ» музей-қорығы Ботай мәдениетінің тұрғын үйлерін тарихи реконструкциясын жасап, дала өркениетінің мыңжылдық даму тарихын бейнелейтінін атап өтті.

Кітапты талқылауға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ К.А.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, т.ғ.к. М.К.Хабдулина, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ.Аяған, ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ҒЗИ директоры, т. ғ.к. Ақан Оңғарұлы, Ат-travel.kz клубының басшысы Б.А. Ақылбеков және тб қатысты.

Барлық қатысушылар «Ботай» кітабына жоғары баға берді.

ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн қатысқан облыстық музейлердің өкілдері Виктор Федоровичке музейдің әрбір қызметкері жұмыста қолданатын кітабы үшін алғыс білдірді, өйткені барлық музейлерде Ботай мәдениетінің бұрыштары бар.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2024 жылғы 16 ақпанда «Мемлекет Басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы негізгі идеяларды іске асыру» атты дөңгелек үстелді К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның қатысуымен өткізді.

Подробнее »