ҚР МАМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2024 жылғы 16 ақпанда «Мемлекет Басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы негізгі идеяларды іске асыру» атты дөңгелек үстелді К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ директоры, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Қалымжанқызы Хабдулинаның қатысуымен өткізді.

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында көтерілген негізгі мәселелер талқыланды.

«Egemen Qazaqstan» газетінің журналисіне берген сұхбатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және зерттеуге көп көңіл бөлді. Марал Қалымжанқызы халқымыздың ғылымы мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлері Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан және Кемел Ақышевтың қосқан үлесі туралы айтып берді.

Қазақстанның белгілі ғалымдары өскелең ұрпақ үшін мамандық пен өмірге деген көзқарастың үлгісі болып қала береді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin