ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2023 жылғы 28 наурызда «TÜRKTAV» Түрік мәдениет қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталмыш қордың жоба үйлестірушісі Лахаева Асель Төреханқызы «TÜRKTAV» қорының түрік мәдениеті мен мұрасын дүние жүзінде насихаттау және сақтау мәселелерімен айналысатындығын атап өтті. Аталмыш қор өзі құрылған 2000 жылдан бері түрік мәдени мұрасын терең түсіндіру мен таныту мақсатында Түркия мен басқа елдер арасында мәдени көпір орнату қызметін атқарып келеді.

«TÜRKTAV» түрік мәдениет қоры өзінің білім беру веб-сайттары арқылы түрік мәдениетін әлемге танытуда.

«Бозоқ» қорық-музейі мен TÜRKTAV түрік мәдениет қорының ынтымақтастығындағы ерекше басымдық ғылым, мәдениет және білім беру салаларына беріледі, бұл Тараптар үшін өте маңызды, екі жақта бұған мүдделі болғандықтан алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланатын болады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 11 маусым “БОЗОҚ”музей-қорық аумағында көрнекті жазушы, тарихшы-зерттеуші МҰРАТ ЫДЫРЫСҰЛЫМЕН мазмұнды кездесу өтті. Ол – XVIII ғасырдағы ұлт тарихының маңызды кезеңдерін арқау еткен «АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ» атты көлемді тарихи-көркем еңбектің авторы.

Подробнее »

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

Подробнее »