ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, солтүстік Сарыарқаның ескерткіштерін археологиялық зерттеуге бағытталған «Нұра-Есіл өзендері аралығының мәдени генезисін қалыптастырудағы палеогеографиялық фактор: үй құрылысының ерекшеліктері және оның эволюциясы» ғылыми бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақмола облысының Бурабай ауданында дала маусымын бастады.

Ғылыми экспедиция жетекшілері: ҚР МСМ «Бозоқ» музей-қорығының ғалым хатшысы Айнагүл Ғаниева және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Сәкенов Серғазы.

Жобаның мақсаты: қазақ қыстақтарын археологиялық зерттеу және қоныстар бейнесінің генезисін анықтау, палеогеографиялық фактордың әсері, сәулет құрылымдарының құрылымдық ерекшеліктерін, қазақ халқының шаруашылық құрылымын қалпына келтіру үшін анықтау.

Алынған материалдар негізінде Сарыарқаның аумағындағы қазақ үй құрылысының ерекшеліктері зерделеніп, Қазақстанның дала аймағындағы кейінгі орта ғасырдың құрылыс техникасының дамуы анықталады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin