«Наурыз мейрамы» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ» сенбілігі өтті. Бұл іс-шара «ТАЗАРУ КҮНІ» мерекесіне арналды.

Осы күні музей-қорық қызметкерлері «Бозоқ» археологиялық паркінің аумағында қар мен қоқысты тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Сенбіліктің мақсаты – тек тазалықты сақтау ғана емес, сонымен қатар ашық аспан астындағы Ұлттық парктің экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін қорғау. Ата-бабаларымыз ежелден табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап, туған жеріне деген құрметті ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырған.

Көктемгі су тасқынының алдында өткізілген бұл эстафета – тек маңызды экологиялық шара ғана емес, сонымен бірге елдің болашағына деген жанашырлықтың және қоғамның бірлігінің белгісі. Осындай бастамаларға қатысу экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғи мұраны сақтауға деген жауапкершілікті арттырады және адамның қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруінің маңыздылығын еске салады.

«Бозоқ» музей-қорығының ұжымы баршаңызды «Тазару күні» мерекесімен құттықтап, туған жеріміздің экологиясын сақтауға үлес қосуға шақырады. Тазалық, табиғатқа қамқорлық және туған жерге деген құрмет бір реттік шаралармен шектелмей, экологиялық сананың берік негізіне және күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналсын!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» музей-қорығына Астана қаласындағы Quantum STEM School мектебінің жас зерттеуші оқушылары жетекшісі Арыстан Құсайыновпен бірге танымдық сапармен келді. Іс-шара барысында оқушыларға музей-қорықтың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

Подробнее »

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Қалыбаев Асқар Қапалбекович, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерназаров Асет Сағитұлы, сондай-ақ дирекция қызметкері Ермекқызы Аружан «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кеңсесіне арнайы келді.

Подробнее »

ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Подробнее »