Қазақстан Республикасының Конституция Күні қарсаңында "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми кітапханасы жаңа кітаптармен толықты.

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы "Музейге сый" акциясы аясында "Бозоқ" музей-қорығына 500-ден астам кітап тапсырды.

Алдағы жылдары елорда аумағында заманауи оқу залымен жабдықталған ғылыми кітапхана пайда болады, ол "Бозоқ"музей-қорығының Визит-орталығында орналасады.

Бүгіннің өзінде музей қызметкерлері кітапхана қорын кең аудиторияға қол жетімді етіп қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде.

Ұлттық кітап сақтау орны және еліміздің ғылыми-әдістемелік орталығы болып табылатын Қазақстандағы ең ірі кітапхананың директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспановаға және қызметкерлеріне біздің жобамызға қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Сегодня 18 сентября 2023 года на территории археологического памятника Бозоқ, являющегося тысячелетним предшественником столицы Казахстана – города Астана, Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозоқ» Министерства культуры и информации Республики Казахстан провел экскурсию для участников Центра активного долголетия Есильского района города Астана.

Подробнее »