2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астанадағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІМЕН бірлесе отырып археологиялық саябақ «Бозоқ» аумағында ПАТРИОТТЫҚ ФЛЕШМОБ өткізді

2025 жылғы 2 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «АДАЛ АЗАМАТ» тұжырымдамасы аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «ДАЛА ҚҰПИЯЛАРЫ» атты ашық аспан астындағы музейлік сабақтар циклын ұйымдастырады.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы 2021 жылдың 10 маусымында археологиялық ескерткіш пен жалпыұлттық маңызы бар киелі нысан – Бозоқ қалашығын дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы көшпенділер жолымен» атты экспедициясының басталуы болып өтті.